Күрес • 14 Ақпан, 2019

Елдос Сметов пен Ислам Бозбаев олимпиадалық рейтингте жоғарылады

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Париждегі Grand Slam турнирінен кейін Халықаралық федерация олимпиадалық рейтингке түзету енгізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Елдос Сметов пен Ислам Бозбаев олимпиадалық рейтингте жоғарылады

60 келіде турнирдің күміс жүлдегері атанған Елдос Сметов 5-ші орыннан 4-ші сатыға көтерілді. Елдостың еншісінде 1460 ұпай бар. Бұл салмақта ресейлік Роберт Мшидобадзе көш бастап тұр. Екінші орында жапониялық Наохиса Такато, үшінші орында грузиялық Амиран Папинашвили. 

66 келідегі Ерлан Серікжанов 5-ші орында келеді. 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Париж татамиінде алысқа барған жоқ. Десе де, үздік бестік қатарында. Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Елдос Жұмақанов 17-ші орында. 

73 келідегі Жансай Смағұлов 12-ші, 81 келідегі Дидар Хамза 9-шы орында. Осы салмақтағы жаңа есімдердің бірі саналға Руслан Мұсаев 82-ден 48-ші сатыға көтерілді.

90 келіде Grand Slam турнирінің күмісін иеленген Ислам Бозбаев алғашқы алтылыққа кірді. Бүгінге дейін 11-ші орында тұрған балуанға Париждегі жетістігінің үлкен көмек болғаны сөзсіз. Бұл салмақта испаниялық Николос Шеразадишвили рейтингтің ең жоғарғы сатысында тұр. 

100 келіге дейінгі салмақта Әділхан Қозыбаев 46-шы, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 26-шы орында. 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20