Қазақстан • 14 Ақпан, 2019

«АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің жаңа цехы жұмысқа кірісті

224 реткөрсетілді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Күзембаев атындағы шахтасында аспалы монорельсті дизельді жабдықтарды жөндеу үшін арнайы құрылған цех өз жұмысын бастады.

Осыдан төрт ай бұрын «Ferrit» фирмасының монорельсті дизелевоздарын – дизель қозғалтқыштарымен жабдықталған, пайдаланылған газдарды тазалауға арналған арнайы катализаторлар мен сүзгілермен жабдықталған жерасты локомотивтерін жөндеу цехы құрылды. «Ferrit» фирмасының дизелевоздары шахталарда адамдар мен жүктерді рельспен тасымалдауға арналған.

Алдымен учаске мен жұмыс бригадасы ұйымдастырылды. Бірақ жөндеу жұмыстарына арналған база болған жоқ, уақытша үй-жайларды пайдалануға тура келді. Бұл мәселе бұрынғы компрессор ғимаратында жаңа цех салу арқылы шешімін тапты. Ол жерде қысқа мерзімде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыры мен терезелері жөнделді, жылу мен электр энергиясы өткізілді, сумен жабдықтау жүйесі ретке келтірілді.

- Біз өзіміз, жұмысшылар, шеберлер мен механиктер қосалқы бөлшектер мен құралдарды сақтауға арналған сөрелер, қозғалтқыштар мен басқа да бөлшектерді жөндеуге арналған үстелдер, отын аппаратурасын, форсункаларды, генераторларды тексеруге арналған стендтер дайындадық. Сондай - ақ, құю орынын гидромаймен және отынмен жабдықталып, машиналарды тазалауға арналған автожуғыш бұрышпен жабдықталды, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Күзембаев атындағы шахтасының монорельсті аспалы ДО учаске механигі Евгений Трофимов.

Бұдан дейін «ферриттер» (кеншілердің атауы бойынша) жөндеу жұмыстарына рельстік көлік учаскесіне және сол жерде электровоздарды жөндеу депосына жөнелтіліп, барлық қажетті жұмыстарды жүргізген. Мұндай процесс тек көп уақыт алып қана қоймай, сонымен қатар жұмыста қосымша қиындықтар тудыратын: жер астынан көтерілген «ферритті» қашықтағы учаскеге тасымалдау ыңғайсыз және ұзақ болды. Көбінесе кішігірім сынулар жер астында және бұл үшін жарамсыз жағдайларда жөнделген.

- Кәсіпорында «Ferrit» фирмасының он екі дизелевозы пайдаланылуда. Олардың арасында қызмет көрсетуді, бояуды немесе жөндеуді талап еткендері болған жағдайда – ол енді жаңа цехқа жіберіледі. Біз жоспарлы түрде «ферриттерді» жер бетіне көтереміз, ал мамандар барлық қажетті іс-қимылдарды жүргізеді, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Күзембаев атындағы шахтасының бас инженерінің орынбасары Александр Переберин.

Цехта бұрылыстары бар монорельсті жол жүргізілді: оның көмегімен жөндеуден кейін машинаны іске қосуға және оның барлық параметрлерін шахтаға бұрынғыдай жібермей, сол жерде тексеруге болады. Бұл ресурстар мен уақытты айтарлықтай үнемдейді.

Барлық қажетті құралдармен жабдықталған жаңа цех салу гидравликалық және дизельді қозғалтқыштарды, электрондық жүйелерді, сигнализацияны, фараларды, клапандарды, дизелевоз көтергіштер бойынша барлық ағымдағы міндеттерді жылдам шешуге мүмкіндік береді. Жөндеу үй-жайында дәнекерлеу жұмыстарына арналған қорғаныс экранымен жабдықталған орын бар.

- Шахтада мұндай цехтың болуы оң нәтиже береді: ең алдымен жұмысшылардың өздері үшін еңбек қауіпсіз бола түсті. Цехтың орналасуы, барлық қажетті құралдардың болуы, қолайлы жағдайлар жұмысты жақсы орындауға мүмкіндік береді, - деп қосты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД жедел жұмыс жөніндегі менеджері Темірхан Шарикбаев.

- Әрі қарай біз цехты механикаландыру және жетілдіру үшін тельферлік кранға арналған арқалықтарды құрастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл физикалық еңбекті айтарлықтай жеңілдетеді, оны одан әрі қауіпсіз және тиімді ете түседі, – деді учаске бастығы Медет Төлеубеков.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар