Айтулы жарысты Жансая Әбдімәлік жап-жақсы бастаған еді. Тұсауксер кездесуінде ол америкалық Анна Затонскихты ұтып, келесі ойында франциялық Мари Себагпен тең түсті. Үшінші турда әйгілі ресейлік шахматышы Александра Костенюкке есе жібергенімен, төртінші кезеңде грузиялық Бела Хотенашвилиден басым түсті. Алайда жарыс бел ортаға жеткенде жерлесіміз білгенінен жаңылды. Бесінші және алтыншы турда АҚШ ойыншысы Ирина Круш пен Үндістанның өкілі Харика Дроноваллиден жеңілді. Жетінші кездесуінде Грузия спортшысы Нана Дзагнидземен ұпай бөлісті.
Қазіргі кезде Жансая жарыс кестесінде алтыншы орында келді. Оның еншісінде – 3 ұпай бар. Ал көш басындағы жағдай өзгеріссіз. Бірінші және екінші орындарды Ресейдің қос жұлдызы – Александра Костенюк пен Валентина Гунина иеленуде.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»