Спорт • 14 Ақпан, 2019

Бейбіт Шүменов келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның атақты кәсіпқой боксшысы, WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов өзінің келесі жекпе-жегін өз Отанында өткізуі мүмкін. 

Бейбіт Шүменов келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

Қазіргі кезде Бейбіт Шүменов пен франциялық Арсен Гуламирян арасындағы бәсекені «Қай жерде өткіземіз?» деген сауалға байланысты үш вариант қарастырылуда. Олар: 15 сәуір – Монте-Карло, 30 сәуір – Астана және 13 мамыр – Нью-Йорк. Осы мәселеге байланысты ең соңғы шешімді таяу күндері қандасымыздың промоутері Дон Кинг қабылдап, жекпе-жектің өтетін жерін көпшілікке жария етеді.

Бейбіт бұған дейін де Қазақстанда бірнеше рет өнер көрсеткенін жанкүйерлер жақсы біледі. Шымкентте ол бес мәрте және Астанада екі рет күш сынасты. Өзінің соңғы бәсекесін қазақ боксшысы былтырғы жылдың шілде айында Елорда төрінде германиялық Хизни Алтынқайға қарсы өткізіп, айқын жеңіске қол жеткізген болатын. 

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»