Спорт • 14 Ақпан, 2019

Элизабет Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатынан» елге оралды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионатының» күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанға оралды деп жазады Olympic.kz.

Элизабет Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатынан» елге оралды

Olympic.kz

Элизабет өзін қуанышпен қарсы алған жанкүйерлер қауымы мен Ұлттық Олимпиада комитетіне алғысын айтты. 

«Үнемі шетелде, жаттығуда жүретіндіктен, туған күнімді бірнеше жылдан бері сыртта қарсы аламын. Мен үшін атаулы күнді ұмытпай, үнемі құттықтайтын жанкүйерлер мен Олимпиада комитетіне алғыс айтамын. Мәселен, былтыр Пхенчхандағы Олимпиада ойындары кезінде де ұмытпаған болатын. 

Біздің жаттығу кестеміз өте тығыз. Спорттық форма мен конькиімде үнемі өзіммен алып жүремін. Бірнеше күнге үйге келсем де, жаттығуымды тастамаймын.

Қазақстандағы қысқа мерзімді сапарым аяқталған соң, Мәскеуге қайта оралып, қысқы Универсиада мен Жапониядағы әлем чемпионатына дайындаламын. Ал «Төрт құрлық чемпионатынан» алған әсерімді сөзбен жеткізу қиын. Тұғыр биігінде тұру үшін әлі талай тер төгемін», - дейді Элизабет.

Еске сала кетейік, Элизабет өз мансабында тұңғыш рет «Төрт құрлық чемпионатында» жүлдегерлер қатарына еніп отыр. Ол еркін бағдарламаға ең қиын элементтердің бірі - төрттік сальховты қосты.