Парламент • 14 Ақпан, 2019

Б. Сағынтаев экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Б. Сағынтаев экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен еліміздің өңірлерінде инфрақұрылымды жаңғырту саласында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия — консультациялық-кеңестік орган. Отырыстардың мақсаты — Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін және тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі шешімдерді әзірлеу және қабылдау.