«Осы оқиғадан кейін көптеген негативті пікірлер айтылды. «Балық бергенше, қармақ бер» деген сөз тегін айтылмаған. Мен көп балалы отбасыдан шыққан немесе қаражаты жеткіліксіз отбасыларға жәрдемдескім келді. Ол болашақта оларға университетке түсіп, карьера қалыптастыруға көмектеседі. Менің мектебімде 4-5 топ бар. Әр топқа 1-2 баладан алуға дайынмын», деді Ерлан Рахимов.
Қазірде бұл жобаны қолдаушылар бар. «Маған мұндай мүмкіндік туралы бұрыннан армандаған ДЦП-мен ауыратын қыз келді. Біз онымен онлайн оқуға шешім қабылдадық. Сондай-ақ бізге үш бала келеді. Мүмкін мұндай қадамға баратын адамдар болар. Сонымен қатар бізде бухгалтерлерлік, пішу, тігу курстары бар. Осылай әлем жақсара түседі деген ойдамын. Бұл кішкентай көмек, бірақ біз оларға қармақ береміз", деп жалғастырды ол.
Ерлан Рахимов Қазақстанда ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен екенін атап өтті. Тек санаулылар ғана ол тілде жақсы сөйлейді. Ол сондай-ақ, оқыту сапасын жақсарту керектігін айтты.