14 Ақпан, 2019

Қазақстанда WECON конференцияларының жаңа маусымы басталады

414 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуропалық қайта құру және даму банкі кіші және орта бизнесті басқаратын кәсіпкер – әйелдерге арналған http://wecon.kz/«WECON — Women Entrepreneurship Conference'19» конференциясының екінші маусымы басталатындығын мәлімдейді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен өтетін мәжіліс «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын алға жылжытатын маңызды шара.

Қазақстанда WECON конференцияларының жаңа маусымы басталады

Бұл бағдарлама Қазақстанда 2015 жылдан бері әрекет етіп келеді және оны ЕҚҚДБ мен Қазақстан Республикасы Үкіметімен қаржыландырылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты қаржыландыруға, кеңес берулерге және ноу – хауларға қатынас құруда әйелдермен басқарылатын кәсіпорындарға қолғабыс жасау арқылы әйел кәсіпкерлігін және бизнесте әйелдің қатысуын дамыту болып табылады.

WECON конференциялары – бұл Қазақстандағы кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған іс – шаралардың жаңартпашылық форматы. Жаңа маусымдағы мәжілістер Ақтау, Петропавловск, Павлодар, Тараз, Көкшетау, Талдықорған және Қызылорда.

Өз кезегінден кәсіпкер әйелдер үшін ЕҚҚДБ 92 миллион АҚШ долларына эквивалентті сомаға жергілікті валютада қаржыландыру механизмдерін ұсынып отыр және 64,6 миллион АҚШ долларына эквивалентті сомаға бес несие желілерін бөлді.

Ал 2018 жылы 2,7 миллион АҚШ долларынан асатын сома меңгеріліп, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша көрсетілетін қаржылық емес қызметтерге бөлінді, оның ішіне кеңес беру, бизнес-оқыту, менторинг және нарықты дамыту жөніндегі іс-шаралар кірді. WECON конференциялары тәжірибе алмасып, бизнесіңді аяқтан тұрғызып, дамытуға көмектесетін бизнес-құралдар жөнінде пайдалы ақпараттарға қол жеткізудің төте жолы.

Жоғарыдағы 7 бірдей қалада өтетін іс-шаралар бағдарламасы күні бойы жүреді. WECON конференцияның барлық қатысушыларына жергілікті кәсіпкер әйелдердің іскерлігінің тарихымен танысуға, бизнес-тренинг кезінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерінен кеңес алуға, сонымен бірге тимбилдинг және нетворкинг сессиялары кезінде өзге конференция қатысушыларымен байланыс алмасуға жағдай жасалады.

Конференцияға қатысу тегін. Шақыру қағазын алу үшін WECON конференциясының ресми сайтында wecon.kz. өтініш қалдыру керек.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ