Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында  жауын-шашын күтіледі

145 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында  жауын-шашын күтіледі

«Қазақстанның басым бөлігі төменгі қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынды болады. Республиканың оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады, тек оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады» делінген синоптиктердің мәлімдемесінде.

Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз кейде қар жауады. Түнде және күндіз тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с құбылмалы жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-4, түнде -14-16 болады.

Алматыда ауа райы құбылмалы.  Ауа температурасы күндіз 0, түнде -1-3 шамасында. 

Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +6+8 , түнде 0-2.

Ақмола облысының кей жерлерінде қар жауады. Сондай-ақ тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -12-17.

Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -13-18.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -15-20.

Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -13-18 (оңтүстігінде -10). 

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз -4-9, түнде -13-18.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде – қар, кей жерлерде қалың қар жауады, кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ, 15-20 жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -1-6.

Алматы облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қалың қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде 0-5 (солтүстігінде -19). 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -10-15.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -17-22.

Түркістан облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз +4+9, түнде -3+2. 

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде -5-10 (оңтүстігінде -2).

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +1+6, түнде 0-5. 

Атырау облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашын күтіледі, тұман. Күндіз -2+3, түнде –3-8.

Ақтөбе облысында аздаған қар жауады. Күндіз -3-8, түнде -15-20 (шығысында -25). 

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы аумақтарында қардың еруі және өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді» деді синоптиктер.