15 Ақпан, 2019

Әлеуметтік қолдау - басты назарда

484 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Әлеуметтік қолдау - басты назарда

Жұмыс кеңесі аясында ха­лықтың әлсіз топтарын, әсіресе, көп балалы отбасыларды қол­дау­дың қосымша тетіктерін әзір­леу және әлеуметтік әл-ауқа­тын қамтамасыз ету бойын­ша қабылданып жатқан шара­лар­дың тиімділігін арттыру мә­селелері талқыланды. Еліміздің өңір­лерінде көп балалы отбасы­лар­мен кездесулер және аулалар­ды аралау барысында жұртшы­лық­тан түскен нақты ұсыныстар қаралды.

Е.Досаев қазақ­стан­дық­тар­дың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту Үкімет жұмысының Президент Н.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазан­дағы Жолдауында атап көрсеткен бас­ты басымдығы екенін атап өтті. Осыған орай, азаматтардың табы­сының өсуін қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын артты­ру жөніндегі міндеттер орта­лық және жергілікті атқару­шы органдардың негізгі міндет­тері­нің бірі.

Жұмыстың негізгі бағыттары ретінде мыналар анықталды: бюрократиялық рәсімдерді оңайлату арқылы атаулы әлеу­меттік көмек алуды жеңілдету; мемлекеттің қолдауына мұқ­таж көп балалы отбасыларға жәр­демақы төлеу тетігін жетілдіру; жергілікті атқарушы органдар жекелей көп балалы отбасы­дан шыққан балаларды бастауыш сыныпта тегін ыстық тамақ­пен, қоғамдық көлікте жол жү­ру би­летімен қамтуды және т.б. кеңейту мәселесін қарас­ты­рады; аса мұқтаж көп балалы от­ба­сы­лардың тұрғын үй жағ­дайын жақ­сарту тұрғысынан му­ни­­ци­пал­ды жалға берілетін тұр­ғын үй­­ге қолжетімділікті арт­тыру мүм­­кін­дігі жекелей қарас­тырылады.

Кеңеске «Нұр Отан» партия­сының өкілдері, Парламент Мә­жілі­сінің депутаттары, әлеу­мет­тік-экономикалық блок, Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму, Ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ, се­лекторлық режімде жергілікті ат­қарушы органдардың басшы­лары қатысты. Бұдан өзге, отырысқа сараптамалық қауым­дастық пен ҮЕҰ өкілдері келді.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі М.Әбіл­қасымова еліміздің барлық өңірінде жедел штабтар құрыл­ғанын айтты. Халықпен және бас­тамашы топтармен кездесулер өт­кі­­зілуде, сонымен қатар көп ба­ла­­лы отбасылардың тұрғын үй тұр­мыс жағдайын тексеру мақ­­са­тында аулаларды аралау жұ­­мыс­­тары жүргізілуде. Бү­гін­­де жер­гілікті жерлерде ұсы­ны­­­ла­тын түрлі әлеуметтік қыз­мет­тер, ден­саулық сақтау қыз­мет­­тері, білім беру, тұрғын үй жағ­­дай­лары, әлеуметтік қорғау са­ла­­лары­на қатысты 1500-ден ас­­там ұсы­ныс жинақталған. Аза­­­мат­­тар әкім­діктерге жүгіну арқы­­­лы қо­сым­ша ұсыныстарын жет­­кізе алады.

Индустрия және инфра­құ­­ры­лымдық даму министрі Ж.Қа­сымбек азаматтардың тұр­ғын үй жағдайларын жақ­сар­ту мәселелері туралы баян­дады. Мәселен, халықтың әлеу­мет­тік осал топтарына тұрғын үй­дің қолжетімділігін арттыру бо­йынша қосымша нақты тетіктер әзірленіп жатыр. Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев жа­ңа мектептер салу, бастауыш сыныптардың оқушыларын тегін тамақпен қамту үлесін кеңей­ту, сондай-ақ, ауылдық елді ме­кендерде білім берудің қолже­тім­ділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов ме­дициналық қызметтердің сапасын жақсарту, олардың қол­жетімділігін арттыру және балаларды денсаулық сақтау жүйе­сімен қамту бойынша орындалып жатқан жұмыстар туралы мәлім­деді. Үлестеу тетігі көп балалы отбасылардың мүшелеріне, ха­лықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қымбат тұратын проце­дураларды, дәрі-дәрмек түр­лерін, стоматологиялық қызмет­тер­ді және т.б. алуына мүмкін­дік беретіні аталып өтті. Өз ке­зе­гінде Қаржы министрі Ә.Смайылов бюджеттің әлеуметтік бағыт­тылығы туралы баяндады. Рес­пуб­ликалық бюджеттен 2019 жыл­ға әлеуметтік салаға 4,8 трлн теңге бағытталады, бұл бюд­жеттің барлық шығындарының 45%-ын құрайды. Сонымен қатар әлеу­меттік сала шығыс­тары­ның үле­сін одан әрі арттыру жұмыстары жалғаспақ.

Жұмыс тобының келесі отырысы 21 ақпанда өткізіледі.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»