Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Бейбіт Шүменов Лас-Вегастағы зәулім үйін сатып жатыр

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Америкадағы үйін сатылымға қойды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бейбіт Шүменов Лас-Вегастағы зәулім үйін сатып жатыр

Las Vegas Now арнасының мәліметіне сүйенсек, ауданы 2,8 мың шаршы метр болатын үш қабатты зәулім үйдің құны - 4,75 миллион доллар.

Лас-Вегастың элиталық ауданында орналасқан үйдің алты жатын бөлмесі, тоғыз ваннасы, кинотеатр, лифт және вино қоюға арналған қоймасы,  50 сотық жері бар. Шүменовтің үйін сатумен Шеннон Смитке тиесілі жылжымайтын мүлік агенттігі айналысып жатыр. 

«Мен әр күні жұлдыздың үйін сата бермеймін. Бұл - Лас-Вегастағы ең керемет үйлердің бірі. Күнделікті көре бермейсіз. Ақшасы бар кез келген адам мұндай үйді алыстан қарап армандамай, тек ләззат алады. Бұл - Вегас, қалағаныңның бәрі бар» деді Смит.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов - екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған қазақстандық алғашқы кәсіпқой боксшы. Ол WBA атағын орта ауыр  және ауыр салмақта жеңіп алған. 

Бейбіт Шүменов келесі жекпе-жегін 15 сәуірде Монако, 30 сәуірде Астана немесе 13 мамырда Нью-Йорк қалаларының бірінде өткізуі мүмкін.


 

Соңғы жаңалықтар