Аймақтар • 15 Ақпан, 2019

Ерлан Қошанов Қарағанды облысындағы әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының әкімі көпбалалы аналарға тегін жол жүру билеттерін енгізуді ұсынды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Қошанов Қарағанды облысындағы әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді

Сондай-ақ, аймақ басшысы бастауыш сыныпта оқитын балаларын мектептен кейін өз балаларына толыққанды уақыт бөлуге, балаларының көңілін аулуға мүмкіндігі жоқ көп балалы отбасылардың және жалғызбасты аналарға ыңғайлы болуы үшін ұзартылған күн топтарын құру қажет екенін атап өтті. Ералан Қошанов осы және басқа да мүмкіндіктерді «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс конференциясында қарауды тапсырды. 

Облыс әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселесіне ерекше назар аударды. Ерлан Қошанов партия мүшелері жәрдемақылардың ұлғайтылуына септіктерін тигізетінін мәлімдеді. 

- Қазір бізде 18 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардан шыққан 30 000 баланы тегін мектеп формасымен және керек-жарақтарымен қамтамасыз етеміз. Оқушы балалары бар көпбалалы отбасыларға тегін формалар мен кеңсе заттарын беруді қарастыру керек, - деді Қарағанды облысының бірінші басшысы. 

Осы және басқа да мәселелермен Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі арнайы кеңес айналысатын болады.