Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының халықаралық әуежайлар кеңесіне кіруі әлемнің үздік әуежайларымен тәжірибе алмасу үшін таптырмас мүмкіндік.
ACI – әуежайлардың мүдделерін қорғап, авиакомпаниялармен арадағы қарым-қатынасын күшейтеді. Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуежайларды дамыту саясатын жүргізу жұмыстарымен айналысады.
Қазіргі уақытта еліміздің 15 әуежайы ИКАО санатына ие. Қостанай қаласының әуежайында қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2020 жылға қарай Қазақстанның барлық әуежайларында ұшу-қону жолағы қайта жаңартылады.