Бокс • 15 Ақпан, 2019

Болгариядағы турнирді боксшыларымыз жеңіспен бастады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның астанасы – Софияда бокстан «Странджа» мемориалы басталады. 70 мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі турнирде Қазақстанның 10 өрені өнер көрсетуде.

Болгариядағы турнирді боксшыларымыз жеңіспен бастады

Бұл жарысты жерлестеріміз жеңіспен бастады. Алғашқы болып рингке көтерілген 49 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов Шотландияның өкілі Акил Ахмедті күмәнсіз ұтті. 69 кило салмақ дәрежесіндегі Абылайхан Жүсіпов америкалық Фрейдукс Рохустан айласын асырды. Бүгін 75 кило салмақтағы Ерік Әлжанов рингке көтеріледі. Ал қалған өрендеріміз ертең мына боксшылармен қолғап түйістіреді: 

52 кило: Әнуар Мұзапаров  – Абрахам Перес (АҚШ) немесе Гаурав Соланки (Үндістан)

56 кило: Қайрат Ералиев – Боян Асенов (Болгария)

60 кило: Зәкір Сафиуллин – Франческо Маиетта (Италия)

64 кило: Санатәлі Төлтаев – Венсан Киркоров (Болгария) немесе Максимилиано Одди (Италия)

81 кило: Бек Нұрмағанбет – Атиф Оберлтон (АҚШ)

91 кило: Василий Левит – Санжар Турсунов (Өзбекстан)

+91 кило: Қамшыбек Қоңқабаев – Мұсахит Ілияс (Түркия)

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»