Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Ауыз сумен қамтамасыз етуге 1,5 миллиард теңге қаражат бағытталады

266 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астрахан ауданында өткен жылы 36 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Жоба құны 227 миллион теңге. Бұл баспана құрылысының бастамасы ғана. Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында Астраханка ауылындағы жекеменшік тұрғын үйлерге қажетті инженерлік желілерінің құрылысы  мен  жаңа жылу қазандығының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген.

Ауыз сумен қамтамасыз етуге 1,5 миллиард теңге қаражат бағытталады

Ағымдағы жылы елді мекендерді жалғап жатқан күре жолдардың құрылыс жұмыстарына облыс бюджетінен 60 миллион теңге қарастырылмақ. Сондай-ақ Астраханка селосының жолдарын қатты жамылғымен қаптауға аудан бюджетінен қосымша 20 миллион теңге қарастырылған. Былтыр аудан орталығындағы «Комхоз» коммуналдық шаруашылығының жылу қазандығына қажетті жабдықтар сатып алуға 17 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Сондай-ақ облыс бюджеті есебінен 110 миллион теңгеге Старый Колутон ауылына баратын тас жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен үш бірдей сумен қамту желісін тартуға 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы бағытталмақшы.  Олардың ішінде Жаңатұрмыс, Старый Колутон және Жалтыр елді мекендері бар. Сондай-ақ, биыл Есіл және Старый Колутон орта мектептерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы елді мекендерде жалпы сомасы 24 миллион теңге болатын 19 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, ауылдық округ аумағында ойын алаңқайлары мен спорттық жаттығу алаңдарын салу жұмыстары қолға алынған. Ауданда 6 мәдениет үйі мен 8 клуб мекемесі, сондай-ақ 136 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Мектептердің жөндеу жұмыстары мен материалдық жабдықталуына аймақ бюджетінен 29 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

–Ауданның әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Тұрғын үйлер салынып жатыр, жолдар жөнделуде,–дейді Астрахан ауданының құрметті азаматы Қайырбек Құсайынов.  

Былтыр аудан диқандары 440 мың тонна алтын астық жинап алды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 2,8 мың тонна ет пен 4,9 мың тонна сүт өнімдерін Елордаға жеткізді. Жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімі 3,4 миллиард теңгеден асып жығылады. Аудан бойынша шағын және орта бизнестің 1150 субъектісі жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік сала бойынша 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Аудандағы жұмыссыздық деңгейі – 0,4 процент. Аудан әкімінің айтуынша, алдағы міндет Елбасының Жолдауында атап көрсетілген басымдықтарды жүйелі түрде жүзеге асыру.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше