Аймақтар • 15 Ақпан, 2019

Көшбасшы партия көпбалалы аналарды қолдайды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті.

Көшбасшы партия көпбалалы аналарды қолдайды

Жиынға қатысқан жүз отызға жуық делегат «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасын жан жақты талқылап, жоспарлы жұмыстың жүйесі жөнінде ойларын ортаға салды. Қазіргі күні партияның негізі мақсатының бірі – белсенді әлеуметтік саясатқа көшу болып отыр. Осы орайда баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталов алдағы онжылдықта көшбасшы партия әрбір қазақстандықтың, әсіресе көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға баса мән беріп отырғанын айтты.

- Облыс әкімдігі көпбалалы аналарға көмек ретінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз 1 миллион несие беріп, Талдықорған қаласы жанындағы жаңа қалашықта салынған котедждерден үй бөлу, көпқабатты екі тұрғын үйді беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, облыс әкімінің оқу грантын тағы да 100 грантқа көбейтеміз, олардың жартысы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Ал аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлерін газға қосу бағасын инвесторлар есебінен төмендету, жеке тұрын үйлерге тегін газ датчиктерін орнату үшін қаржы бөлінетін болады, -деді Амандық Баталов.

Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының Астанада өтетін кезекті ХVІІІ съезіне Алматы облысынан 93 делегат сайланды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы