Аймақтар • 15 Ақпан, 2019

И. Ильиннің бапкері Өзбекстан құрамасында жұмыс істейді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Даңқты Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы болған Елжас Болтаев Өзбекстан ауыр атлетика құрамасында жұмыс істеп жатыр.

И. Ильиннің бапкері Өзбекстан құрамасында жұмыс істейді

Мұны Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті растаған. Ержан Болтаев өзбекстандық ауыр атлет Бахром Меңдібаевты лицензиялық сындарға дайындап жатыр.

Болтаев Илья Ильинді Лондон олимпиадасына дайындаған болатын. Бірақ, сынама кезінде допингке байланыста дау туып, Ильин Бейжің және Лондон олимпиадасындағы алтын медальдарынан айырылған соң Елжас Болтаев құрамада жұмыс жасаудан бас тартқан еді. Әрине, бұл қылығын бекзаттық десе де болады. Бірақ, даңқты атлетті дайындаған бай тәжірибесі өзіміздің спортшыларға да керек. Мүмкін, ҚР Ауыр атлетика федерациясы тығырықтан шығатын жол табар.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы