– Мұның ерекшелігі, басқа бір тұлғаның жеке құжатымен келіп, анықтамалар алуға, мәмілелер жасауға жол берілмейді. Жеке құжаттарын жоғалтып алады, ұмытып кетеді, басқа қалаға барған кезде анықтамаларды алу кезінде осындай қиындықтар туындағанда бұл сервистің түрі өте тиімді,-дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» филиалы директорының орынбасары Айнұр Тобаева.
Жаңа жүйе азаматтардың дербес деректерінің қорғалуын күшейтеді. Өз бетінше алынатын қызметтер санының артуына әсер етіп, бөгде азаматтардың жалған анықтама алу фактілерін болдырмайды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы