Қазақстан • 17 Ақпан, 2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет». 

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашын болады. Жауын тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана болмайды. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 30 метр болады.

Түркістан облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Екпіні 23-28 метрге жетеді. Тау асуларында ол 30 м/с дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с, екпіні 28 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен үйтқиды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады деген болжам бар. Жел жылдамдығы 15-20 м/с. Ақмола, Қарағанды облыстарында көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.