17 Ақпан, 2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде көркем гимнастикадан өткен Гран-приде төрт дүркін әлем чемпионы Александра Солдатова Димаш Құдайберген орындаған «Любовь уставших лебедей» әнімен өнер көрсетті.

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

«2019 жылғы Гран-при чемпионатына Ресей өкілі «Любовь уставших лебедей» әнімен шықты. Тамаша өнер. Оған табыс әкеледі деп үміттенемін. Үлкен жеңістер тілеймін»,  деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биылғы маусым 16-17 ақпан күндері Мәскеуде өтіп жатқан Гран-при кезеңімен басталады. Онда Александра Солдатова қола медальды қоржынға салды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше