Саясат • 17 Ақпан, 2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 14 ақпанда Пулвама аумағында көптеген адамның өліміне, сондай-ақ азаматтық тұлғалардың және әскерилердің жапа шегуіне әкеліп соққан террористік әрекетті қатаң түрде айыптайды.

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

Осыған байланысты, Қазақстан әлем қауымдастығын контртерроризм бойынша халықаралық міндеттемелерді іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етуге шақырады. Терроризмге қарсы күресу халықаралық қауымдастықтың басты міндеті болып табылады.

Біз XXI ғасырдың қасіретіне айналған терроризмге қарсы күресте Үндістан халқымен біргеміз. Қаза тапқандардың жанұялары мен жақындарына көңіл айтамыз.