Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Бүгін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жауын-шашын күтіледі

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жауын-шашын күтіледі

Астанада қар жаууы мүмкін, 10-17 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -3-5.

Алматыда күндіз жаңбыр жауады, түнде бұлтты, жауын-шашынсыз, 1-5 м/с жел тұрады. Күндіз +2+4, түнде -2-4.

Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, 5-9 м/с жел тұрады. Күндіз +3+5, түнде 0-2.