18 Ақпан, 2019

Еліміздің көп бөлігінде қар жауып, боран соғады

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казгидрометтің хабарлауынша, 19-21 ақпан күндері еліміздің басым бөлігінде қар, боран, күшті жел күтіледі.

Еліміздің көп бөлігінде қар жауып, боран соғады

Қазақстаннан бір циклон кетпей тұрып, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан атмосфералық фронттары арқылы республиканың көптеген облыстарында алдағы 3 тәуліктегі ауа-райын анықтайтын келесі циклон асығуда. Сондықтан Қазақстанның басым бөліктерінде қар, боран, екпінді күшті жел, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста сулы қар, кей жерлерде қатты, тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары сақталады.