Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Мәжілісте мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы талқыланды

548 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы Үкімет сағаты өтті. 

Мәжілісте мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы талқыланды

Отырысты ашқан вице-спикер Гүлмира Исимбаева білімді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыру Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатындағы басым бағыт екенін атап өтіп, биылғы жылдың «Жастар жылы» болып жариялануының маңыздылығына тоқталды.

Г.Исимбаева Мәжіліс өткізген «Жастарға инвестиция» халықаралық конференциясында 35 елдің депутаттары Қазақстанның 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы шешімін жоғары бағалағанын атап өтті.

Үкімет сағаты барысында депутаттар Жастар жылын өткізу жөніндегі 80-нен астам іс-шарадан тұратын Жол картасын, оған тұтастай алғанда шамамен 130 миллиард теңге жұмсау болжанып отырғанын талқылады. Жұмыссыздықты азайту мақсатында Жол картасында «Жас маман», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларды жүзеге асыру қарастырылған. 100 қажетті мамандық бойынша мамандарды дайындау жоспарлануда.

Вице-спикердің айтуынша, мамандар тапшылығы орын алса, екінші жағынан, жұмыс таба алмай жүрген жастардың баршылығы. Мемлекет тарапынан кадр даярлауға қомақты қаражат бөлінуде. Мысалы, кадрларды даярлауға 2 жыл ішінде шамамен 234 миллиард теңге бөлініп, жыл сайын 300 мыңдай жас маман жоғары және кәсіптік техникалық білім алып шығады.

Жастар арасындағы жұмыссыздық, ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі күні 82400 мың адамды құрайды. Ал Электрондық еңбек биржасы порталында жұмысқа орналастыру бойынша 34 мыңнан астам бос орын және жұмыс берушілерден 82 мыңнан астам сұраныс орналастырылған.

Бұдан басқа, отырыс барысында Мәжіліс депутаттары жасөспірімдер мен жастардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру, азаматтардың жоғары сапалы психологиялық және отбасылық кеңес беру мүмкіндігін кеңейту туралы мәселелерге назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше