Әлем • 18 Ақпан, 2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінде Жапония делегациясымен кездесу болды. Басқосуға Жапония СІМ Орталық Азия мен Кавказ бөлімінің басшысы Томиямо Микито қатысқан. Бұл туралы ТРЕНд ақпараттық агенттігі хабарлады.

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

«Осыған дейінгі кездесулердің жемісі мен пайдасы туралы нәтижелерді талқылап, екі ел арасындағы келешек қатынастар туралы талқылады. Екі елдік өкілдері саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастар жайын сөз етті» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Токиода Түрікменстанға қатысты 8 құжатқа қол қойылған болатын. Олардың ішінде аммиак пен карбамид, бензин, фосфор тыңайтқыштары зауытының салынуы және Жапонияның банкымен қатынас туралы жобалар бар.

Жапонияның Түрікменстандағы сәтті жобаларына тоқталсақ, Түрікменбашы кешеніндегі мұнай өндіру зауытында полиэтилен шығаратын фабрика, Гарабогаздағы карбамид тыңайтқыштар зауыты бүгінде ел экономикасына көптеп пайда әкелуде.