Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияров мәлімдеді.

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

Ол осы жылы 19-20 ақпанда Баку қаласында Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлері орынбасарларының Каспий теңізі жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтетінін айтты.  Іс-шарада Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Зульфия Аманжолова басқарады. Кездесу барысында былтырғы жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өткен Каспий саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды және Мемлекет басшыларының тапсырмаларын іске асыру бойынша кең ауқымды мәселелердің талқылануы жоспарлануда.

«Жоғары деңгейдегі тұрақты бесжақты консультациялардың механизмі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны тиімді жүзеге асыру және теңіз маңындағы ынтымақтастыққа шолу жүргізу мақсатында «Каспий бестігі» елдірі көшбасшыларының шешімімен құрылған болатын. Естеріңізге сала кетсек, осы жылы 8 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойып, осылайша біздің мемлекет бұл тарихи құжатты ратификациялаған болатын. Бүгінге дейін Қазақстанмен қатар Конвенцияны Түрікменстан ратификациялады», деді ол.