Облыс бойынша рейдтерге барлығы 244 адам қатысты. Үй-үйді аралап шығумен пешпен жылытатын жеке тұрғын үй секторының 3938-ден астам отбасы қамтылды.
Акция барысында 11 мыңнан астам адамды қамтитын нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізілді.
Рейдтің түсірілімі «Ирбис», «Ertis» ТК телеарналарының тілшілері жүргізді. Топ рейд барысында өңір тұрғындарымен кездесіп, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндіреді.
Пешті дұрыс пайдалану және тұншықтырғыш газбен уланудан қалай сақтану керектігі жөнінде ескертеді.
Сондай-ақ, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға түтін жолдарын тазалау бойынша көмек көрсетіледі. Ол үйлерге газ датчиктерін орнатуда.
Төтенше жағдайлар департменті қызметкерлерімен бірге «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні» шарасына аумақтық бөлімдер өкілдері, «Жас Отан» Жастар қанатының еріктілері, «Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ, халыққа газбен қызмет көрсететін «ФЛЛИД» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері, Ұлттық Ұланының №5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысуда.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР