Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

Кешенді жоспар жасалды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста өткен жылдардағы көктемгі қарғын судың зардабын мұқият ескере отырып, су жүруі ықтимал елді мекендерді қауіпсіздендіру мақсатында кешенді жоспар жасалды. Облыстың 12 ауданындағы 43 елді мекенде жоғарыдағы жос­парды жүзеге асыру жұмыстары тыңғылықты қолға алынып отыр.

Кешенді жоспар жасалды

Қарғын су кідіріссіз өтуі үшін өзен аң­ғар­ларымен сабақтасып жатқан 10,2 шақы­рым су өтетін жыралар терең­деті­ліп, ені кеңейтілуде. Әдетте мұз сең­дері кептелетін өзендердің жағасын­дағы бөгеттердің 9,3 шақырымы биіктетіліп, нығайтылуда. 

Төтенше жағдайлар департаменті­не су тасқы­нының алдын алу шара­ларын тыңғы­лық­ты өткізу үшін облыс­тық бюджеттен 51 мил­лион теңге қара­жат қарастырылған. Бұл қаржы об­­­лыс аумағының үстінен ұшып бақы­лау­ға, ға­­рыш арқылы мониторинг жүргізу­ге және өзен-көлдердің алқымына кеп­­тел­ген сеңді жа­руға жұ­м­салады. Аймақ­та ай­тып келмейтін апат­тың ал­дын алуға 149,8 тонна жанар-жағармай, 5,2 мың тон­­­на инертті материалдар, 33,4 мың қап­қа са­лынған қатты заттар дайындалған. Бұл ба­ғыт­тағы жұмыс қар көбесі сөгілген­ше жалғаспақ.

Облыстың елді мекендерінен 110 мың текше метр қар шығарылды. Қауіптің бетін қайтаруға 2462 адам, 1321 арнайы техника дайын тұр. Оған қоса, 131 су айдайтын, 45 су үстінде жүзетін құ­рыл­ғылар бар. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan» 

Ақмола облысы