Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

«Кәсіпкерлікті қолдау» картасы бойынша 3 ірі өндіріс іске қосылды – А. Баталов

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Алматы облысында «Кәсіпкерлікті қолдау» картасы бойынша 575 адамды жұмыс орынымен қамтыған 3 ірі өндіріс іске қосылды.

«Кәсіпкерлікті қолдау» картасы бойынша  3 ірі өндіріс іске қосылды – А. Баталов

Олардың қатарында Қапшағай қаласы аумағындағы азық-түлік шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауыты, Талғар ауданындағы лифт шығаратын және лифт жабдықтарын жаңғырту қызметтерін көрсететін «LGS Kazakhstan elevator Group» компаниясының өндіріс цехы және Қаратал ауданында керамзит шығаратын «As-Biba» құрылыс зауыты бар. Өндірістерді іске қосу мақстаныда барлығы 15,8 млрд теңге игерілген.

Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдында берген есебі барысында айтты.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы