Әлем • 20 Ақпан, 2019

Режеп Тайып Ердоған Пәкістанға іссапармен барады

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған наурызда Пәкістанға іссапармен барады. Бұл туралы Geo TV хабарлады.

Режеп Тайып Ердоған Пәкістанға іссапармен барады

Іссапардың мақсаты инвестиция арқылы экономикалық серіктестікті дамыту. Сонымен қатар екі ел арасындағы әскери байланысты нығайту да жоспарланған. Ердоғанның сапары Пәкістанның тәуелсіздік күніне келіп тұр.

Соңғы жылдары Пәкістан мұсылман әлемімен қатынасын жақсартуға күш салып жүр. Ең алдымен экономикалық қатынас пен инвестиция тарту мәселесі басты назарда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Пәкістанға Сауд Арабиясының ханзадасы Мохаммед бин Салман 20 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөліп, келіссөз жасаған болатын.