Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейсенбі күні Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

«21 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 21 ақпанда жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Хабарда айтылғандай, 21 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.