Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

607 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мелиорациялық балық аулау ережесінің бұзылуына байланысты 2019 жылдың 18 ақпанынан бастап Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының барлық аумағында мелиорациялық балық аулауға рұқсат берілетін құжаттарға тыйым салынды.

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

Бетпақдала популяциясының 2000-ға жуық киіктері осы жердің көлдерінің аумағында қыстайды. Су айдындарда балық аулауға тыйым салу, киіктерге төнетін алаңдатушылық пен қасқөйліктен алдын алуға мүмкіндік береді.

Балық аулауға тыйым салынған заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза көзделген.

Құстардың санының азаюына байланысты 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейінгі мерзімде көктемгі аңшылыққа тыйым салынып және кәсіпшілік аң аулаудан басқа, бір аңшыға шаққанда жабайы құс пен терісі бағалы аңның бір түрін алып қоюдың тәуліктік нормасын бес дараққа дейін шектеу қойылды.

Көктемгі аң аулау кез келген түр қатты алаңдатушылық туғызып, ұя салу науқанын күрт бұзады. Бұл ретте ең алдымен белсенді әрі репродуктивтік жағынан бағалы аталықтар атып алынып, бұл өз кезегінде түрлердің гендік қорын нашарлатады.

Көктемгі аңшылыққа тыйым салуға байланысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшыларына көктемгі мерзімде құстардың саны бойынша мониторинг жүргізуге тапсырма берілді.

Көктемгі аңшылыққа тыйым салу құстардың өнімділігіне және олардың санының өсуіне оң әсерін тигізуде.

Соңғы үш жылдың ішінде үйректердің саны 10%-ға, қасқалдақтың 5%-ға және қаздың 13%-ға өсті. Инспекторлардың бақылауы бойынша жергілікті үйректердің толық ұя салуы анықталып, сүңгіш және батпақты үйректердің екінші рет ұя салуы бақыланды. Су айдындарда кезінде сирек кездесетін қызыл бас қара үйрек, жалпақтұмсық үйрек, сарыайдар үйрек пен сұр үйректер топтап пайда бола бастады.

Тыйым салынған аң аулауды бұзу бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382 бабы «Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік айыппұл салынып не әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралы тәркілену көзделген.