Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы брифинг барысында АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің орынбасары А.М. Марс хабарлады.

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

2019 жылдың 19 ақпанынан бастап Қазақстан тарапынан Қырғызстаннан Қазақстанға карантинге жатқызылған өнімдерге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілді. Атап айтқанда тұқымдық және азықтық картопқа, алма, құрма, сондай-ақ Өзбекстаннан әкелінетін анарға. 

Соңғы уақытта Қырғызстаннан және Өзбекстаннан енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерден жүйелі түрде мынадай карантиндік объектілер анықталған:

- алма және құрмада карантиндік объект Комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana);

- картопта карантиндік объект картоптың алтын түстес жұмырқұрты Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens.

2018 жылы және ағымдағы жылдың қаңтар - ақпан айларында Қазақстанға енгізілген карантиндік жүктердерді тексеру кезінде Қырғызстаннан карантиндік фитосанитариялық бірегей талаптарына сәйкес 465 фактісі, соның ішінде 59 фактісі карантинге жатқызылған өнімдерден  карантиндік объектілермен залалдануы анықталды.

Ағымдағы жылдың соңғы айында Өзбекстан аймағынан енгізілген анардан 2 комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды.

Соңғы жаңалықтар