Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің өкілдері Түрік Республикасының Карс провинциясында өтіп жатқан «Кыш-2019» біріккен көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуында тәжірибе алмасады.

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты-әскерлердің жауынгерлік дайындығын және бөлімшелердің отты мүмкіндіктерін бағалау, бөлімшелерді үйлестіру және қысқы жағдайларда материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ қысқы жағдайларда қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін сынау болып табылады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері оқу-жаттығу барысында елді мекенде және таулы жағдайларда әуе десанттарын қолдана отырып жалпы әскери шабуыл операциясын жүргізу және әскери авиацияны атыс қолдау бойынша іс-қимылдарды пысықтайды.

Айта кетейік, «Кыш-2019» бірлескен көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығудың белсенді кезеңі 21 ақпанда өтеді. Оқу-жаттығуларға Әзірбайжан, Бангладеш, Болгария, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Грузия, Қазақстан, Катар, Кувейт, Косово, Норвегия, Италия, Сауд Арабиясы және Түркия әскери қызметшілері қатысады.