21 Ақпан, 2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  президенті Жанболат Мелдешов  бүгінгі таңда ТМД елінде танымал бизнес-тренер, теолог Шамиль Аляутдиновпен кездесті.

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

Шамиль өзінің қоғамдық лекциялары кезінде ХБО аясындағы білім бағдарламалары туралы бірнеше рет айтқан болатын. Теологтың пікірінше, сапалы білім алу мен еліне пайда тигізу- өз өміріңді басқа деңгейге көтеру.

«25 жыл ішінде жүргізіліп келе жатқан президенттік бұл бағдарлама – өте маңызды. Бағдарлама негізінде мемлекет мүмкіндік ұсынып, ең маңыздысы, шетелде оқуына қажетті қаржылай көмек көрсете отырып, елге қайтып келіп еңбек етулерін өтініп отыр. «Болашақ» - керемет бағдарлама» деп атап өтті  Шамиль Аляутдинов.

 «Триллионер» жобасы авторының айтуынша, шетел тілінде білім алу дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді.

«Адам білім ала отырып, оның ішінде күнделікті алуға болатындай білім шеңберінен шыға отырып, дүниеге кеңірек қарай бастайды. Ал егер сіз шет тілінде білім алатын болсаңыз, онда әлемге деген көзқарасыңыздың ауқымы, көлемі, тіпті сараптамаңыз да өзгере бастайды. Бұл – өте маңызды» - деп атап өтті бизнес тренер. 

Теолог Жанболат Мелдешовпен және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» жұмысы жайлы алған әсерін әлеуметтік желіде бөлісті.