Теннис • 21 Ақпан, 2019

Михаил Кукушкин Марсельдегі турнирдің ширек финалына өтті

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельдегі АТР 250 турнирінің ширек финалына өтті деп жазады Olympic.kz. 

Михаил Кукушкин Марсельдегі турнирдің ширек финалына өтті

Кукушкин екінші айналымда турнирдің төртінші ракеткасы саналатын канадалық Денис Шаповаловты екі сет қорытындысы бойынша жеңді. Есеп – 6:4, 7:6 (4).

Матч 1 сағат 25 минутқа созылды. 

Михаил Кукушкиннің қарсыласы италиялық Маттео Берреттини мен ресейлік Андрей Рублев жұбының жеңімпазы болмақ.