Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

Етті мал басының санын арттыру және сапасын жақсарту үшін Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды дамыту және қаржылық қолдау жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
21.02.2019 49
2

Отбасы фермалары түрінде шағын шаруашылықтарды құру салалық бағдарламаның негізіне жатты, олар 100 басқа дейін ІҚМ өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтардан, өнеркәсіптік мал жемдейтін орындардан және заманауи ет өндіретін кешендерден тұратын зәкірлі кооперация нысанында құрылатын болады.

АШТӨ-ін импорттық ІҚМ басын сатып алу үшін несиелендіруге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын фермердің Аграрлық несие корпорациясы несие қаражаты есебінен өзінің жеке төлдейтін мал басын қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары өнімді асыл тұқымды бұқаларды пайдаланып, төлдің өнімді көрсеткіштерін жақсартуға, жем-шөп, техника және құрал-жабдықтар сатып алуға, жайылымды қоршауға мүмкіндігі бар.

Бүгін фермерлік шаруашылықтар жеңіл шарттармен несиелендіріледі – несие мерзімі 15 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауды ескерумен 4%-дан бастап. Кепілзаттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар максималды жеңілдетілді – кепілзат ретінде қолда бар, сатып алынатын мал және фермерлердің өзге активтері қабылданады.  

Импорттық малды алудың артықшылықтарын атап өткен жөн -  бұл фермерлерді жоғары генетикалық әлеуеті бар ІҚМ-мен қамтамасыз ету. Импорттық малдың төлін өсіргенде, қысқа мерзімде 550-600 кг. соңғы салмақты алуға мүмкіндік береді, ал жергілікті генетиканы пайдаланғанда, тек осының жарты салмағына ғана қол жеткізуге болады.

2018 жылы Аграрлық несие корпорациясы осы бағдарлама шеңберінде 19,1 млрд. теңге сомасына импорттық ІҚМ 30,1 мың басын сатып алу үшін 201 АШТӨ-ді несиелендірді, солардың ішінде елімізге ІҚМ 15,2 мың басы әкелінді және  2,3 мың басы жолда келе жатыр.       

2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі импорттық ІҚМ басын сатып алуды қаржыландыру бойынша 100 мың бас индикативін белгіледі, солардың ішінде Корпорацияның үлесі 65 мың басты құрайды, бұл мақсаттарға 40,6 млрд. теңге бөлінді.

Өзінің ІҚМ басын кеңейтуге несие алуға ниет білдірген фермерлік шаруашылықтар жақын орналасқан Несие серіктестіктеріне, «Аграрлық несие корпорациясы»  өңірлік филиалдарына, сондай-ақ Орталық аппараттың кеңсесіне жүгіне алады.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Берік Уәли Президенттің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Т.Сүлейменов Президент көмекшісі қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары елорда атын ауыстыру туралы шешімді қолдайды

22.03.2019

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

22.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың «Нұр-Сұлтан» аталуын қолдайды

22.03.2019

СҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

22.03.2019

Павлодарлық жұмысшылар Елбасыны қолдайтынын айтты

22.03.2019

Францияның танымал тұлғалары Қазақстанды Наурыз мерекесімен құттықтады

22.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін қолдады

22.03.2019

Халықтың орташа жасы – 28,8

22.03.2019

АҚШ тарапы Қазақстандағы өзгерістерге қолдау білдірді

22.03.2019

Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

22.03.2019

Қызылордада салмағы бір тонна торт тарту етілді

22.03.2019

Қызылордада әз Наурыз мерекесі тойланып жатыр

22.03.2019

Нұр – Сұлтан атауы – Елбасына құрмет пен Қазақстанның өркендеуіне берілген баға

22.03.2019

«Назарбаев юу хэлэв...». Моңғол журналистері неге таңданды

22.03.2019

Солтүстік қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен атап өтті

22.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу