Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасына ресми сапары барысында Аустрия Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Вольфганг Соботкамен келіссөздер жүргізді. 

Егемен Қазақстан
21.02.2019 41
2

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап екі ел арасында сындарды және тұрақты байланыс орнағанын атап өтті. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Аустрия Қазақстан үшін Еуропалық Одақтағы негізгі әріптестердің бірі, сондықтан елдер арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету маңыздыболып табылады.

Н.Нығматулин атап өткендей, қос мемлекет басшыларының ресми сапарлары жан-жақты ықпалдастықты күшейтудің берік іргетасын қалады. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда айналымы бір миллиард евроны құрайды. Бүгінде Қазақстан Аустрия аймағындағы ең маңызды сауда серіктесі болып табылатыны сөзсіз дей келіп, Ұлттық КеңесТөрағасы Вольфганг Соботка елдер арасындағы саяси диалогты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.

Өткізілген келіссөздер барысында Н.Нығматулин мен В.Соботка бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар деңгейінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуды, заңнамалық тәжірибе алмасу жөніндемаңызды келісімдерге қол жеткізді.

Сонымен бірге, сауда-экономикалық байланыстар, инновация, экономиканы цифрландыру, «жасыл технология», туризм, ауыл шаруашылығы мен мәдени-гуманитарлық саланың әлеуеттік бағыттарын заңнамалық сүйемелдеудің маңыздылығына назар аударылды. Мәжіліс Төрағасының айтуынша бүгінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағыынтымақтасты және әріптестікті кеңейту туралы Келісімнің әлеуеті зор. Бұл Келісімді Аустрия Республикасы да ратификациялады.

Сондай-ақ, Спикерлер халықаралық және парламентаралық ұйымдар арасында байланысты нығайту туралы да келісімге келді. Оған қазақстандық Парламент өкілдерінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы қызметіне белсене араласуы және Аустриялық әріптестермен етене іс қимыл жасауы оң ықпалын тигізеді.

Осы ретте, В. Соботка: - ЕҚЫҰ-ға мүше болуымыз біздің қатынасымыздағы ең мықты тетік ретінде бағалаймын, - деді.

Қазақстанныңбіраз уақыттан бері халықаралық қоғамдастықтың толық мүшесі ретінде табысты жұмыс істеп келе жатқаны да қызығушылық туғызады. Оған мысал ретінде, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін және Аустрия елі де қатысқан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін атап өтуге болады.

Өз сөзінде В.Соботка Еуропалық Одақтың жаңа СтратегиясыОрталық Азия үшін Қазақстанмен ынтымақтастықта әлеуеттерді бағындыруға мүмкіндік береді дей отырып, тұрақты даму мен жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ауқымды бастамаларына айрықша назар аударды. Жастардың заманауи рөліне тоқталған Мәжіліс Спикері осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда «Жастар жылы»ашылғанын атап өтті.

- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білімді жастар елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы екенін айтты. Бүгінде біздің еліміз цифрлы технологиялық дамуға батыл қадам жасауда. Сондықтан жастарды қолдау жөніндегі кешенді шаралар мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады», - деді Н.Нығматулин.

Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Вольфганг Соботканы 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының төртінші отырысына қатысуға шақыру хатын табыстады.

Н.Нығматулиннің айтуынша, бұл қазақстандық және аустриялық Парламент өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Президент Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Берік Уәли Президенттің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Т.Сүлейменов Президент көмекшісі қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары елорда атын ауыстыру туралы шешімді қолдайды

22.03.2019

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

22.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың «Нұр-Сұлтан» аталуын қолдайды

22.03.2019

СҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

22.03.2019

Павлодарлық жұмысшылар Елбасыны қолдайтынын айтты

22.03.2019

Францияның танымал тұлғалары Қазақстанды Наурыз мерекесімен құттықтады

22.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін қолдады

22.03.2019

Халықтың орташа жасы – 28,8

22.03.2019

АҚШ тарапы Қазақстандағы өзгерістерге қолдау білдірді

22.03.2019

Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

22.03.2019

Қызылордада салмағы бір тонна торт тарту етілді

22.03.2019

Қызылордада әз Наурыз мерекесі тойланып жатыр

22.03.2019

Нұр – Сұлтан атауы – Елбасына құрмет пен Қазақстанның өркендеуіне берілген баға

22.03.2019

«Назарбаев юу хэлэв...». Моңғол журналистері неге таңданды

22.03.2019

Солтүстік қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен атап өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу