Мұқтаж отбасылар баспаналы болуда

«Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмесін» деген тәмсілдің тіні қайырым жасаудың қағидасы мен парызына негізделгені анық. Әрине, жақсылық жасауды жарысқа, яки жарнамаға айналдыруға болмас. 

Егемен Қазақстан
22.02.2019 32
2

Бірақ бір адамның жасаған ізгі ісінен құлағдар болған екін­ші адамның бойында да қайы­рым етуге деген ынта оянатыны ақиқат. Осы ретте, әсіресе қо­л­ын­­да артық қаражаты бар кә­­сіпкерлердің мұқтаж жан­да­р­ға жасаған игі амалдарын айтуы­мыз­дың жөні бар. Осындай игі іс Жетісу топырағында жалғасып жатыр. Жақында өңірге танымал меценат-кәсіпкер Асқар Сү­лейменов Талғар ауданы Гүл­да­ла ауылынан мұқтаж от­ба­сы­ға бас­пана сатып алып берді. Жанбо­ла­­товтар әулеті бұған дейін ауыл­­дағы монша үшін салын­ған ғи­ма­ратты паналап келген екен.

– Қуаныш Жанболатовтың отбасы ескі моншада тұратынын әрі отағасының мүгедек екенін әлеуметтік желіден көріп, хабар­дар болдық. Бейнежазбаны көр­ген облыс әкімі Амандық Бата­лов Талғар ауданындағы іскер азаматтардан қолұшын беру­ді өтінді. Алғашқы болып үн қатқан меценат Асқар Сүлей­менов отбасына үй сатып алып беретінін айтты, − дейді бізді оқиға барысынан хабардар еткен облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ал отағасы Қуаныш Жанбо­ла­тов билік тарапынан мұндай әрекет күтпеген екен. Ол баспаналы болғанын облыс әкімінің өзі келіп, жаңа үйге көшетінін айтқанда барып бір-ақ білген. Ұйғыр ауданының тумасы өнді­ріс­тік жарақаттың кесірінен бір көзінен айырылыпты. Қазір жұ­мыс­­сыз. Мұқтаж отбасын жарыл­қаған меценат Асқар Сү­лей­менов Қуанышқа ауылдан лайықты жұмыс тауып беруге уәде берді. Демек, бұл игі іс айтуға тұрарлық жайт.

Сондай-ақ Алакөл ауданын­да да баспанаға мұқтаж отбасы­лар­дың өтініші қанағат­тан­дырылды. Жақында аудан әкімі Әлібек Жақанбаевтың тапсырмасымен Бескөл ауылдық округінде екі әулетке тұрғын үй қорынан пәтер берілді. Бескөлдік жалғызбасты әке Николай Одуденко 3 баласын бағып-қағып отыр. Жағажайдағы қонақ үйлердің бірінде қара жұмыс істейтін Николай әуле­ті­мен ескі үйді паналап кел­ген еді. Баспана деген аты болмаса, бұл үйде балалардың сабаққа дайындалуына, алаңсыз ойнауына еш мүмкіндік жоқ-тұғын. Балаларының үшеуі де сабақты жақсы оқиды. Виктория алтыншы, Владимир төртінші, ал Сергей екінші сыныпқа барып жүр. Жалғызбасты әкенің жа­йы­нан хабардар болған ауда­н әкімі Николайға Бескөл ауыл­ы­­­нан 2 бөлмелі пәтер берді. Қазір орталықтан жылитын үйге қоныстанған әулеттің қуанышында шек жоқ.

Осы Бескөл ауылдық округі­нің «Загатзерно» ауылында тұра­тын көп балалы тағы бір отба­сының да жағдайы мәз емес еді. Александра Мельникованың 10 баласы бар. Өзі жалғызбасты ана. Бескөлдегі балық зауытында жұ­мыс істейді екен. Бар тапқан-таянғанын балаларының аузына тоса­тын Александраның басында баспанасы жоқ. Аудан әкімдігіне жазған өтініші қаралып, жақында бұл әулетке де 2 бөлмелі пәтер берілді.

– Өңірде көп балалы отба­сы­ларға көрсетілетін көмектің көлемі жыл сайын артып келеді. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен, тұрмыстық заттармен, қыстық көмірмен қамтамасыз ету, басқа да материалдық қолдау көрсету бойынша түрлі шаралар бар. Баспана жайын да қолдан келгенше шешіп жатырмыз. Былтыр аудан орталығы Үшарал қаласында салынған 20 және 60 пәтерлі тұрғын үйден әлеуметтік жағынан аз қамтылған бірнеше отбасыға пәтер бердік, − дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.

Жалпы, Алматы облысында 2 мыңнан астам көп балалы ана тұрғын үй кезегінде тұр екен. Өткен жылдың желтоқсан айында аймақ басшысының қабылдауына жазылған бір топ көп балалы ана Талдықорған қаласындағы тұр­ғын үй кезегіне қатысты мәсе­ле кө­терген болатын. Сол кез­де облыс әкімі А.Баталов «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегер­леріне үй кезегіне қатысты ту­ған проб­­леманы бақылауына алып, оңтайлы шешуге уәде берген еді. Мұнан бөлек, Алматы облысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға деген қамқорлық ниет ерекше деуге болады. Әсіресе көп балалы отбасылардың өмір сүру деңгейін арттыруға баса мән берілуде.

– Облыс әкімдігі көп балалы аналарға көмек ретінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз 1 миллион несие беріп, Талдықорған қаласындағы жаңа коттедж қалашығынан және салынып жатқан көп қабатты екі тұрғын үйден пәтер сатып алуларына жағдай жасамақ. Биыл облыс әкімінің оқу грантын тағы да 100 грантқа көбейтеміз. Мұның жартысы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Ал аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлерін газға қосу бағасын инвесторлар есебінен төмендетуге кірістік. Біз жеке тұрғын үйлерге тегін газ өлшеу қондырғысын орнату үшін де қаржы қарастырып жатырмыз, − дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу