Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көші-қон қызметінің орталығы ашылған күнінен бастап 2 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына 308 адам қабылданды, оның ішінде, сұралған тәртіппен 271 адамға 243 этникалық қазақтардың үлесі келеді. Сондай-ақ, 2 ай ішінде көші-қон қызметінің бөліністерімен 2670 төлқұжат пен 4676 жеке куәлік берілген.

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

Облыс аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (шетелдіктерге) 451 азаматтығы жоқ тұлғаларға куәліктерін дайындау үшін ықтияр хат ІІМ-нің Көші-қон қызметінің комитетіне рәсімделіп, жолданды.

Көрсетілген кезеңде Қазақстан Респубикасына уақытша жеке ресми сапармен келген тұлғаларға 603 шақырту хаты дайындалды, сондай-ақ 372 шетелдіктің ҚР визаларын (рұқсатын) алуға 115 ұйымның шақыру хаттары бекітіліп, расталса, есепті кезеңде облыстың ПД-нің көші-қон қызметі бөлімшелерінде 18 681 шетелдік уақытша тіркелген. Оның ішінде, 8 алыс шетел азаматы және 18673 жақын шетелдерден (ТМД) келген шетелдік азаматтар. Әкімшілік жауапкершілікке 1006 шетел азаматы, атап айтқанда, ТМД елдерінің барлық азаматтары тартылды. Сондай-ақ, 121 шетелдік елден шығарылды, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен - 7, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаны -1. Сонымен қатар, 424 шетелдікке Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі қысқартылды. Түрлі құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының 133 жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылса, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың жалпы санынан 2 млн. 375 мың 232 теңге сомасына айыппұл салынып, 100%-ы өндірілді.

Көші-қон заңнамасының саласы бойынша СДТБТ тәртібінде ҚР ҚК-нің 393-бабымен (ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы шешімді орындамау) 18 қылмыстық іс және ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігі бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды.

Ағымдағы жылдың басынан бері 8941 шетел азаматы заңдастырылды, ол бойынша облыс бюджетіне 97 млн. 363 мың 130 теңге көлемінде қаражат түсті.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы