Спорт • 22 Ақпан, 2019

Қазақстан мен Иран жеңіл атлетика федерациялары меморандумға қол қойды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Бас хатшысы Асхат Сейсембеков пен Иран жеңіл атлетика федерациясының басшысы Маджид Кейхани кездесу өткізіп, тараптар әріптестік туралы меморандумға қол қойды деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан мен Иран жеңіл атлетика федерациялары меморандумға қол қойды

Ресми құжат аясында Бас хатшы мен Иран Федерациясының президенті екі елдің жеңіл атлетика саласындағы қарым-қатынасты дамытып, меморандумды жүзеге асыру жолдарын қарастырды. 

Асхат Сейсембековтің айтуынша, аталған келісім екі ел үшін стратегиялық маңызды әрі тиімді саналады.