Өзбекстанда «Ұлы дала мұралары» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Темуридтер тарихы» мемлекеттік музейінде «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды.Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылған көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы және  «Темуридтер тарихы» мемлекеттік музейінің директоры Хуршид Файзиев құттықтау сөзбен ашып берді.

Егемен Қазақстан
22.02.2019 39
2

«Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Президенттерінің 2017 жылғы 16 қыркүйектегі кездесуінде 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын атап өту туралы шешім қабылданған болатын. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығын, тарихымыздың ортақтығын, рухани жаңғыруымызды назарға алып, мәдени байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталғаны белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы болып саналады. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар екі бауырлас халықтың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізбек» - деп атап өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ең алғашқы іс-шараны бастап Ташкент қаласына келдік.Қорында 25 мыңнан астам жәдігері бар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Өзбекстан Республикасында көрмені өткізудегі мақсаты — екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту, түркі әлемінің қара шаңырағы Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы коммуникацияны нығайту. Рухани байланыс, мәдени қарым-қатынасы егіз қос елдің ынтымағы арта берсін!», деді қорық-музей басшысы Нұрболат Қадырұлы.

Көрме экспозициясына 50-ден аса фото картиналар мен қорық-музейдің шығарған баспа өнімдері қойылды.

1871-1872 жылдары жиһанкез А.Кунның «Түркістан альбомында» жарық көрген Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ондағы Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған ХІV ғасырдың құнды жәдігерлері - Тайқазан, Лауһа (тудың ұшы), Шырағдандар, Есіктер мен қорық-музей қорындағы этнографиялық, археологиялық материалдар, Түркістан өңіріндегі тарихи-рухани орындардың фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды.
Шара барысында өзбекстандық көрме тамашалаушылар «Түркістан әфсанасы» деректі фильмін де тамашалады. Сондай-ақ, қорық-музей Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын негізге ала отырып, Ұлы даланың рухани мұраларын шетелдерде таныту, насихаттау арқылы еліміздегі тарихи орындарға шетелдіктердің қызығушылығын тудыруды көздейді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 2018 жылы Түркия Республикасының Кастамону, Анкара, Бурса қалаларында «Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан» тақырыбында, Грекияның Салоники, Ресейдің Сочи қалаларында халықаралық көрмелерге қатысты.
Көрме бір ай келушілерге қызмет көрсетеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу