Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

«Болашақ» – қазақ жастарына сенім сыйлаған бірегей бағдарлама. Осыған дейін 10 мыңнан аса студент аталған мемлекеттік бағдарлама аясында әлемнің белді әрі беделді оқу орындарында білім алды. Осы орайда ел үмітін арқалап, шекара асқан «Болашақ» стипендиатымен сұқбаттасқан едік. 

Егемен Қазақстан
22.02.2019 456
2

«Тек байдың балалары қол жеткізетін мүмкіндік деп ойлағаным рас»

- Құралай, «Болашаққа» қалай келдің? Әңгімені осыдан бастасақ...

- Шынымды айтсам, Ұлыбританияға баруды 2-сыныпта армандаған едім. Мектепте ағылшын тілі пәні тереңдетілген сыныпта оқыдым. Аптасына алты рет болатын. Мұғалімдеріміздің ағылшынша сөйлегені, ағылшынша аудиоподкасттар, кітабымыздағы түрлі иллюстрациялар ағылшындар әлеміне деген қызығушылығымды оятты. Сол кезде лингафон кабинетінің артқы жағында ілулі тұратын Ұлыбританияның үлкен картасына қарап, «бір көрсем ғой» деген бала арман болды. Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқыдым. Бітіргеннен кейін «WikiBilim» қоғамдық қорында редактор болып жұмысқа тұрдым. «Уикипедия», «Қазақ тілінің әмбебап сөздігі», «kitap.kz» сияқты ірі жобалардың жүзеге асуына атсалыстым. Осында жүргенде басшыларым мен әріптестерім шет елде оқуға шабыт берді. Көбі шетте білім алған, біразы «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтіп келіп жатты. Осылайша, мен де «Болашаққа» аттандым.

 - Оған қол жеткізу үшін қанша уақыт жұмсадың және қалай еңбектендің?

- Жаңа айтып кеткендей, ағылшынымның "іргетасы" жақсы қаланды. Бірақ тілді қолданбасаң, ұмытыла береді. Сол үшін түрлі қосымшалар арқылы жаттығулар жасап, ағылшынша кино көріп, қайталап жүрдім. «Болашаққа» тапсыруды қолға алғанда, бірінші кезең ағылшын тілінен тестке 5 айдай дайындалдым: тіл курсына үш ай (грамматика, лексика, синтаксис), IELTS тактикаларын үйрену үшін 2 ай кетті. Екінші кезең қазақ тілінен тест: қазақ тілінде сөйлей алатын, түсіне алатын кез келген адам өте алады деп ойлаймын. Өкінішке қарай, бұл кезеңнен құлағандардың ішінде қазақтар да болды. Үшінші кезең психологиялық тест және IQ тестке де уақыт жоғалтпадым. Шешуші кезең – тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен әңгімелесу. Қазақстан тарихы мен Қазақстан Конституциясын бір қайталап шықтым. Болашақ оқуың, мақсатың мен жоспарларың туралы ойларың айқын болу керек. Бастысы – осы стипендия иегері атануға өзіңнің лайық екеніңді дәлелдеу және өзіңе сенімді болу.

– «Болашақ» туралы сен айқындаған 5 аңыз бен ақиқат қандай болды?

- Бұрын бұл тек байдың балалары қолы жеткізетін мүмкіндік деп ойлағаным рас. Кейін өзімдей қарапайым жандардың, таныстарымның стипендия иегері атанып, оқып жатқанын көргенде ойым өзгерді. Шет елде оқуға ынтасы, жігері бар кез келген адам «болашақтық» бола алады.

Конкурстан өтіп, тізімге енсеңіз болды деп ойласаңыз, қателесесіз. «Болашақтық» атанғаннан кейінгі құжат жинау кезеңі тағы бір рет тест тапсырғанмен бірдей шығар. Құны оқу ақшасының белгілі бір пайызын жабатындай үйіңізді кепілдікке қоюыңыз керек, одан бөлек те жинайтын құжаттар көп.

Бағдарлама конкурсынан бір рет құлап, көңілі қайтып қалатындар бар. Бағыңызды тағы да сынап көруден қорықпаңыз, 5-6 рет тапсырып, түскен таныстарым бар.

Елде оқыған ағылшын тілің, яғни кітап тілі шет елге барғанда біршама уақыт жарамай қалуы мүмкін. Алғашында жергілікті халық пен мұғалімдердің тілі подкасттардан тыңдаған ағылшын тіліндей түсінікті болмайды. Құлағың үйренгенше біршама уақыт керек. Сол үшін «Болашақ» бағдарламасы академиялық оқудың алдында тіл білу деңгейіңізге қарай шет елде үш немесе алты ай ағылшын тіліңізді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Көпшілік Еуропада халықтың жағдайы керемет, ертегідей өмір сүріп жатыр деп ойлайды. Мен оқып жатқан Ұлыбританияда да жұмыссыздар, ұры-қарылар, үйсіздер, қайыршылар бар. Көп емес, әрине. Оқушылардың арасында бұзақылық та болып тұрады. Ковентри қаласында тіл курсын оқып жүргенде мұғалімдеріміз қауіпті аудандарды атап, онда бармауды ескерткені есімде. Турист ретінде бір апта, он күнге барсаңыз, көп байқай бермейсіз.

- Қазіргі оқуың туралы айтсаң...

- Қазір Ұлыбританияның Глазгоу қаласындағы Стратклайд университетінде «Медиа және коммуникация» (Media and Сommunication) мамандығы бойынша магистратура оқып жатырмын. Іргетасы 1796 жылы қаланған бұл оқу орны «Болашақ» бағдарламасының тізіміне былтыр ғана енген екен. Яғни мұнда оқып жатқан алғашқы «болашақтық» студенттердің бірімін. Сонымен қатар, бұл оқу орны – медиа және коммуникация саласы бойынша Ұлыбританиядағы топ ондыққа кіретін университеттердің бірі. Оқимын деген адамға барлық жағдай жасалған. Кітапханалары емтихан кезінде 24 сағат жұмыс істейді. Әрі ондағы барлық кітаптың электронды нұсқасын кітапхана сайтынан таба аласыз, бұл дегеніміз кітапханаға бармай-ақ кез келген жерде компьютеріңіз арқылы тапсырмаңызды орындай бересіз деген сөз. Мұғалімдері де кез келген жағдайда барынша көмектесіп, бағыт-бағдар беруге дайын тұрады.

 - Өзің еліміздегі белді оқу орнын бітірдің. Қазір Еуропада білім алып жатырсың. Екі елдің университетін салыстырып айтсаң...

- Бұл жақта да біздегідей кредиттік жүйемен оқытады. Бізде берілген тапсырманы оқып келіп, түсінігімізді айтып бағаланатын едік қой. Мұнда сыни тұрғыдан қарап, талдауға аса мән береді. Яғни белгілі бір теорияның артықшылықтары мен кемшіліктерін саралай отырып, қорытынды шығару. Мұғалімдеріміз: «Белгілі теоретиктердің айтқан сөздерін сынап, талдауға қорықпаңдар», дейді. Сондықтан мұнда сыни тұрғыдан қарау жоғары бағаланады. Сонымен қатар, бір академиялық эссені жазу (тапсырма көбіне академиялық эссе жазу түрінде келсе, арасында сабақ үстінде презентация таныстыру, дискуссия түрінде болады) үшін 10-20 кітап, мақалаларды оқуға тура келеді және оларға міндетті түрде сілтеме бересіз. Тапсырмаларды белгіленген уақытқа дейін жазып, университет сайтына жүктейсіз. Эссе тапсыру процесі электронды жүзеге асады. Эссеңізді жүктеместен бұрын университет сайтындағы плагиаттан міндетті түрде өткізесіз. Цитаталарға дұрыс сілтеме жасамасаңыз, плагиаттан өтпей қалу қаупі де бар.

Сондай-ақ мұнда қағазбастылыққа салынған мұғалім көрмедім. Барлығы электронды, оқу жоспары, материалдар, бағалау – барлығы универ сайтында жүзеге асады. Студенттермен де поштамен хат алмасып жұмыс істей береді. «Жиналысқа бару керек, тыныш отыра тұрыңдар», «Комиссия келе жатыр, құжаттарды реттеу керек» деп жүрген мұғалім көрмедім.

Тағы бір байқағаным, сабақ себепсізден өтілмей қалса, университет әкімшілігі сол факультетке көлемді айыппұл салады.

Сабақтан себепсіз қалуға да болмайды, әсіресе шетелдік студенттерге. Өйткені студентке визаны оқу үшін бергендіктен, оның сабаққа қатысқаны бақыланады. Бұл ережені сақтамаған жағдайда елден шығарыласыз.

- Бітіргеннен кейінгі жоспарыңмен бөліссең. Елге не алып келгің келеді?

- Әрбір «болашақтық» студенттің оқу бітіргеннен кейінгі жоспары – елге қызмет ету ғой. Қазір оқуымның жартысын ғана бітірдім, әлі де оқитыным, алатыным көп. Бос уақытың көп бола бермейді. Тапсырмаңды уақытында орындап, плагиаттан өткізгенде бір жаның шықса, екі аптадан соң бағасы шыққанға дейін жанымызды шүберекке түйіп жүреміз. Әлбетте, бізге керек деген дүниелерді өзіме түртіп қойып жүрмін. Бірақ дәл қазіргі басты мақсатым – оқуымды абыроймен аяқтап, елге аман-есен оралу.

- Болашақта өзіңдей «Болашақкер» болуды қалайтын жандарға қандай кеңес бересің? Сенен 7 кеңес (LifeHack) болсын.

- Ең бірінші, ағылшын тілін жақсы меңгеруіңіз керек. Күнделікті қолданатын ағылшын тілін білу бір басқа да, университетте профессордың сіз білмейтін тақырып бойынша дәрісін түсіну мүлде басқа дүние. Сондықтан тілді жетік меңгерумен қатар, мамандығыңызға қатысты терминдерді де білгеніңіз өзіңізге жақсы.

Теория & практика. Оқуға тапсырмас бұрын өзіңізге алдымен не керек екенін біліп алыңыз: теория немесе практика. Магистратурада практикалық сабақтар сіз ойлағандай көп емес, көбіне теориялық біліммен шектелесіз. Сондықтан теориялық білімім жеткілікті, тәжірибе керек десеңіз, «Болашақ» бағдарламасы арқылы өз салаңыздағы шет елдің ірі компанияларында тағлымдамадан өтуге мүмкіндік бар.

Дұрыс мамандық таңдау. Оқуын аяқтап келген кейбір болашақтық студенттер оқыған мамандықтары бойынша біздің елде жұмыс таба алмай қалады. Сондықтан таңдайтын мамандығыңыз «Елге келгенде осы мамандық бойынша жұмыс істей аламын ба? Не алып келе аламын? Бізге керек пе?» деген сұрақтарға жауап бере алатындай болу керек.

Университетті мамандығыңа сәйкес таңдау. Мысалы, кейбір жоғары оқу орындар белгілі бір мамандық бойынша білім беру жағынан топ университеттерден де мықты болуы мүмкін.

Университетті мамандығы жақсы екен деп те таңдау салуға болмайды. Кейбір курстардың модульдерін сіз елде оқып кеткен болуыңыз мүмкін. Сондықтан оқитын модульдеріңізге де аса мән берген жөн.

Сұқбаттасқан

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

26.03.2019

Қарағанды көмірінен жасалған әшекейлер Мәскеудегі Халықаралық байқауда көрсетіледі

26.03.2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

26.03.2019

​Лондонда Наурыз мерекесі аталып өтті

26.03.2019

Жастар елорда атауының өзгеруіне байланысты үндеу жариялады

26.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

26.03.2019

Ақсу энергетиктері 600 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу