Қазақстан • 23 Ақпан, 2019

Әкімге алғашқы қойылған сұрақ дәрігер Герасимовты мәңгі есте қалдыру туралы болды

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан қырық күн бұрын Қостанай облыстық балалар ауруханасының дәрігері Дмитрий Герасимов қайтыс болған еді. Балалар дәрігерінің қазасы қостанайлықтарға ауыр тиді. Бүгін облыс әкімінің есеп беру кездесуінде «Стомед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Владимир Клименко Қостанай қаласындағы бір көшені дәрігер Дмитрий Герасимовтың атына беруді көтерді. Ол мыңнан аса қостанайлықтың ұсынысқа қол қойғандығын хабардар етті.

Әкімге алғашқы қойылған сұрақ дәрігер Герасимовты мәңгі есте қалдыру туралы болды

Архимед Мұхамбетов бұл мәселені қолдайтындығын жеткізді.

«Мен марқұм Дмитрий Герасимовты жақсы білетін едім. Ол талантты дәрігер болды. Мен қала әкіміне бұл мәселе жөнінде тапсырма бердім. Бұрын адам қайтыс болғаннан кейін оның есімін мәңгі есте қалдыру шараларын жүзеге асыру үшін бес жыл күту жөнінде ереже болатын, қазір оны өзгертті. Мен бұл ұсынысыңызды қолдаймын, біздің тарапымыздан болатын мүмкіндіктің барлығын қарастырамыз» деді Архимед Бегежанұлы.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай