Қазақстан • 23 Ақпан, 2019

Павлодардағы «Мұнай-химия зауыты» ЖШС-да өткен жиынға  технологиялық жабдықтарды өндірушілер қатысты

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семинар конференцияның негізі тақырыбы: «Газдар мен сұйықтықтарды тасымалдайтын жабдықтар саласындағы соңғы жетістіктер» деп аталды.

Павлодардағы «Мұнай-химия зауыты» ЖШС-да өткен жиынға  технологиялық жабдықтарды өндірушілер қатысты

Зауыттың қоғаммен  байланыс жасау бөлімінің мәліметінше, іс-шараға Мәскеу, Волгоград, Пенза, Казань қалалары, Вильнюс Литва елінен өкілдер келді.

Яғни, кәсіпорынға құрал-жабдықтар жеткізуші компаниялардың басшылары және мұнай-газ саласына арналған технологиялық жабдықтарды өндірушілер болды.

Олардың жобалары ғылыми-өндірістік және өндірістік-техникалық базалары, ноу-хау, патенттері, көпжылдық табысты қызметі, өкілдіктері көп, қызмет көрсету орталықтарының ауқымды географиясы, әлемдегі клиенттер және сенімді серіктестері бар кәсіпорындарды таңдауға бағытталған.

Жиынға жергілікті ғалымдар, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми-білім беру ресурстық орталығының оқытушылары  шақырылды.

Сонымен бірге, техникалық мамандар-жетекші инженерлер, технологтар  қатысып, өз ойларын ортаға салды. 

Жалпы, кәсіпорында «Газдар мен сұйықтықтарды тасымалдайтын жабдықтар саласындағы соңғы жетістіктер» атты  семинар өткізудегі мақсат-өндірісті экономикалық тұрғыдан жетілдіру.

Яғни, кәсіпорындағы құрал-жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуді азайту және  тоқтап тұруын нөлге дейін азайту.

Сондықтан, қазіргі заманғы сенімді, қауіпсіз жаңа құрылғыларды  өндіріске енгізу қажет.

Зауыттың механик, компрессорлық қондырғылар машинистері, технологиялық сорғылар машинистері мамандарының біліктіліктерін көтеру.

Сонымен бірге, жаңа технологияларды өндіріске енгізуде  Отандық, ресейлік және Еуропа кәсіпорындарының мұнай-химия  саласына қажетті  құрал жабдықтарды өндіру, пайдаланудағы озық үлгілерін көрсетуге бағытталды.

Бұл күндері «Павлодар Мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің жобалық қуаты-жылына 6 миллион тонна мұнай өңдеу.

Мұнайды алғашқы өңдеу бойынша негізгі технологиялық процесс ЛК-6у–құрама қондырғысында жүргізіледі.

Өнімнің сапасын бақылау- заманауи жабдықтарда жүргізіледі.

Зауытта жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.  

Олар мұнай өнімдерін өңдеудің әлемдік тәжірибесінде қабылданған стандарттарға сәйкес шығарылатын өнім сапасын бақылай алады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР