Аймақтар • 23 Ақпан, 2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

889 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін ұстану мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында полицияның кешенді күштерінің жеке құрамына жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

Бөлініс құрамында департаменттің қызмет салалары және ІІМ ҰҰ №5547 әскери бөлімінің сарбаздары мен жеке күзет мекемелері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Шара барысында Кадр жұмыстары басқармасы қызметкерлері жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу барысы туралы жеткізіп, жеке құрамды марапаттау жөніндегі бұйрықтармен таныстырып, табыстады. Оның ішінде Сыр өңірінің мәртебесін көтеруге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Алғыс хатын иеленген Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Жасұлан Үксікбаев марапатталды. 

Сонымен қатар, қызметкерлерде болуы тиіс қару-жарақ заттарының бар-жоғын, денсаулық жағдайларын, қызметке түсетін адамның маусым бойынша нысанды киім киюін, сыртқы келбеті жинақы және керек-жарағының ақаусыз болуын, инженерлер мен техниктер автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйі тексерілді.  Бұйрық берілгеннен кейін үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты шеру жүріп өтті.