Әлем • 25 Ақпан, 2019

Ким Чен Ын мен Дональд Трамп Вьетнамда кездеседі

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын Вьетнам астанасы Ханойдағы саммитке аттанды. 

Ким Чен Ын мен Дональд Трамп Вьетнамда кездеседі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, саммитке Солтүстік Корея басшысымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады. Одан бөлек, КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ынның Вьетнам Социалистік Республикасының басшысы Нгуен Фу Чонгпен де кездесуі жоспарланған.

Ким Чен Ын Пхеньяннан Ханойға пойызбен аттанған. Екі астана арасы 4,5 мың шақырым. Солтүстік Корея президенті Вьетнам астанасына шамамен екі күн жүрмек.

Осыған орай Вьетнам астанасында қауіпсіздік шаралары күшейген. Мемлекеттің қауіпсіздік қызметінен бөлек Солтүстік Корея қауіпсіздік қызметтің 100-ге жуық маманы келген.

Саммит барысында тараптар Корей түбегін ядролық қарудан азат ету келісімінің орындалуы мен аймақтағы қауіпсіздік мәселесі кеңінен талқылайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, тараптардың алғашқы саммиті өткен жылдың жазында Сингапурде өткен еді. Ал КХДР басшысының Вьетнамға соңғы сапары 55 жыл бұрын болған.