Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда  екі айда 12 бала туберкулезге шалдыққан

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туберкулезге қарсы  күрес диспансерінің дәрігерлері Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы барысында  өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға жан-жақты тоқталды.

Солтүстік Қазақстанда  екі айда 12 бала туберкулезге шалдыққан

Олардың сөзіне қарағанда, соңғы  10 жылда  ахуал 2,5  есеге жақсарған. Былтыр  қатерлі індетті жұқтырудың 353 фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 5,4 процентке төмен. Диспансерде туберкулезді емдеудің жаңа әдістері кеңінен қолданылады.  Жеке және қысқа емдеу  бойынша 55 науқас ем-дом қабылдаған. Бұрындары дімкәс жандар емді 2 жылға дейін қабылдаса, қазір емделу мерзімі екі есеге қысқарған. Зертханаға құны 52 миллион теңге тұратын “Бактэк” аппараты сатып алыныпты.

   «Мекемеде ттуберкулезді дер кезінде анықтау үшін молекулярлық генетикалық әдіспен анықтайтын “Gene xpert”құрылғысы, «Bactec mgit» қондырғысы жұмыс істейді. Олардың көмегімен туберкулездің кез келген  түрі оңай анықталады. 74,7 мың бала  тексеруден өтті. 5,1 мың балаға диаскенттест қолданылды», дейді  диспансердің бөлім меңгерушісі Кенжегүл Әріпова.

    Өңірде қауіпті дертті жұқтыру мен одан болатын өлім-жітім саны азайғанымен, әлі де өзекті.  Өткен жылы 350 мыңдай адам флюрографиялық тексерілуден өтіп, 200-ден астамынан қатерлі дерт табылған. Тек биылдың екі айында 12 баланың осы ауруға шалдыққаны белгілі болған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар