Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Солтүстiк Қазақстанға келген дәрiгерлер 1,5 млн теңге көтерме ақы алады

437 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жайында СҚО әкiмдiгiнiң отырысында белгiлi болды.

Солтүстiк Қазақстанға келген дәрiгерлер 1,5 млн теңге көтерме ақы алады

Отырыста «Денсаулық» бағдарламасының орындалуы сөз болды. 2018 дәрi-дәрмек алу процесi орталықтандырылды. Былтыр бұл бағытқа 4,4 млрд теңге жұмсалса, биыл сома 5,6 млрд теңгеге дейiн өстi. Тегiн дәрiмен 80 мың адам қамтамасыз етiлдi, 2017 жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп. Дәрiлердiң бағасы билiктiң қатаң бақылауында.

«Дәрiханаларда әр түрлi бағаларды көремiз. Бағаның өсуiне жол бермеу керек. Көп кәсiпкерлер дәрiнiң жоқтығын пайдаланып, бағаны шарықтатып жiбередi. Үнемi мониторинг жасау керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесi де қаралды. Қазiр облыста 1434 дәрiгер, 5 мың медициналық қызметкерi бар. 2018 жылы 58 жас маман келдi, оның 31-i ауылға жұмысқа тұрды. Өңiрге дәрiгерлердiң келуiне жағдай жасау мақсатында 1,5 млн теңге көтерме ақы берiледi. Былтыр мұндай көмектi 40 дәрiгер алды. Облыс әкiмiнiң айтуынша, бұл жұмысты жалғастыру қажет.

«Ауылға барған дәрiгерлерге 1,5 млн теңге көтерме ақы беремiз. Алайда, көп аудандар бұл мүмкiндiктi пайдалана алмады. Аққайың ауданы бәрiне үлгi бола алады. Былтыр аудан 7 маманды қабылдап, дәрiгер тапшылығын жойды. Биыл бұл тәжiрибенi жалғастырамыз, әсiресе тапшы дәрiгерлердi шақырамыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Биыл облыста медицина қондырғыларын сатып алуға үш есе көп қаржы жұмсалмақ. Сондықтан, қаладағы кейбiр қондырғылар аудандарға жөнелтiлмек. Өңiр басшысының айтуынша, аудандарда тiрек ауруханаларын ашу керек.

«Тiрек ауруханаларын құру керек, бiзде Тайынша аудандық ауруханасы бойынша жоспар бар. Бұл мекеменi ауданаралық қылып, онда Айыртау, Ақжар және Уәлиханов аудандарының тұрғындары емделе алады. МРТ, ангиограф, рентген аппаратын жеткiземiз», — дедi Құмар Ақсақалов.