Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтеді

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің орынбасары М. Жүндібаев  Жастар жылының шеңберінде өткізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.

Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтеді

М. Жүндібаев  «Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында!» Жол картасын іске асыру барысы туралы айтты.

Жол картасында барлық мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын 78 іс-шара қарастырылған. Облыс әкімінің орынбасары жастар бастамаларын қолдауға бағытталған жобалар туралы әңгімеледі.

«2018 жылы Қостанай облысының аумағында «Zhas Project» Жастар корпусын дамыту жобасы іске асырылды. 492 жас іске асырған 143 жоба грандтық қаржыландыруды иеленді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 230 млн теңгеден асады», - деп хабарлады М. Жүндібаев.

Сондай-ақ Марат Жүндібаев 2019 жылдың мамырында Жастар сарайының салтанатты ашылуында Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумын өткізу жоспарланып отырғандығын жеткізді. 

Қорытындылай келе, ол басым бағыттың жас ұрпақты, атап айтқанда, NEET санатындағы (жұмыс істемейтін, оқымаған  және біліктілігін арттырмайтын), жастарды жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету екенін атап өтті.